Анықтама ақпараты
Туристік пакетті броньдау бойынша нұсқаулық

Сайттан турпакетті қалай броньдауға болады

  1. Жоғарыда - оң жақ бұрыштағы төлем валютасын таңдаңыз. Сіздің барлық операцияларыңыз таңдалған валютамен есептеледі.
  2. Сайттың басты бетіндегі "турлар" бөліміне өтіңіз немесе "турларды таңдау" бөлімін ашыңыз. Ашылған терезеден "қайдан, қайда", ұшу күндерін, түндер санын және туристер санын – барылығын толтырыңыз. Бағдарлама сізге жайлы, шығыны бойынша оңтайлы турларды қарастырады.
  3. Өзіңізге ұнайтын қонақүйді таңдаңыз. Мұқият оқыңыз: тур туралы мәліметтер, қонақ үй сипаттамасы және баға күнтізбесі – бәрі де жазылған.
  4. Төлқұжаттағы деректердің бәрін латын әріптерімен жазып толтырасыз: аты-жөніңіз, туған күніңіз, жынысыңыз. Және төлқұжаттың фотосуретін жүктеңіз.
  5. Байланыс телефоныңызды жазып, төлем әдісін көрсетіңіз.
  6. Назар аударыңыз! Сіз тур ақысын картамен немесе әуекомпания кеңсесінде қолма-қол төлей аласыз.
  7. Турға тапсырыс бергеннен соң, сізбен туризм менеджері өзі байланысады.
  8. Тапсырысыңыз расталғанын күтесіз. Туроператор тапсырысты растағаннан кейін сізге менеджер хабарласып, тапсырысыңыз туралы толық ақпарат береді.
Турлар ақысын бөліп төлеу

Өтінім беру процесі

  1. Турпакетті таңдаңыз;
  2. Төлем әдісін таңдаңыз: несие/бөліп төлеу және банкті таңдаңыз;
  3. Банк арқылы онлайн-өтінімді рәсімдеу.



     


     

Қолдау чаты

Қолдау чаты қандай функцияларды орындайды?

Қолдау чаты турпакеттерді, авиабилеттерді рәсімдеу, сондай-ақ рейсте ақылы қызмет түрлері көрсетуді қолдау мақсатында құрылған.

Күшін жою ережелері

Турпакеттен немесе чартерлік рейстен бас тарта аламын ба?

Иә, турпакеттен бас тартуға болады. Бірақ, әр жағдайға қатысты әр түрлі айыппұл қарастырылған (мөлшері - 0-ден 100%-на дейін). Шарты турдың күніне, турдан бас тарту уақытына, бас тарту себебіне, туроператорға, сапарға шықпаған жағдайға қатысты сақтандыру болған-болмағанына және т.б. тұстарға байланысты болады. Чартерлік рейстерге алынған авиабилеттер қайтарылмайды.

Сақтандыру жағдайы

Сақтандыру жағдайы бола қалса қандай әрекет жасауым керек?

Сіздің сақтандыру полисіңізде қоңырау шалу және сақтандыру жағдайын тіркеу үшін жазылған телефон нөмірі бар. Ол үшін сақтандыру нөмірін айтасыз және болған жағдайды егжей-тегжейлі сипаттап беруіңіз қажет.  Содан кейін сізге қажетті ақпарат пен тиісті көмек көрсетіледі. Сақтандыру жағдайы бір күн ішінде тіркелуі керектігін ескеріңіз, мүмкіндігінше, тезірек істеген дұрыс.