Анықтама ақпараты
Әуежайдағы тіркеу

Тіркеу қашан басталады және қашан аяқталады?

Тіркеу 3 сағат бұрын басталады және ұшуға 40 минут қалғанда аяқталады

Әуежайдағы тіркеуге қандай құжаттар керек?

Әуежайда тіркеуден өтуге билет алғанда пайдаланған жеке куәлігіңіз қажет. Егер шетелге ұшатын болсаңыз, паспортыңыз керек. Құжатыңыздың пайдалану мерзімін тексеріп қоюды ұмытпаңыз. Ал егер жас бала ата-анасынсыз ұшатын болса, ата-анасының немесе қамқоршысының нотариалды бекітілген келісімі керек.  
Тіркеу

Бір топ жолаушыларды бірге тіркеуге бола ма? Мен отбасыммен бірге ұшамын, бәріміз бір қатарда отырсақ деймін.

Егер орындар картасында бос орындар болса, бір қатардан орын алуға болады. Жолаушыларыңызды тобымен немесе жеке-жеке тіркеңіз. 
Онлайн-тіркеу

Онлайн-тіркеу

 Sunday Airlines рейстеріне тіркеу 3 сағат бұрын аяқталады, өйткені кестедегі ұшу уақытынан 24 сағат бұрын басталады. Рейстерге тіркеу, багажды қабылдау халықаралық рейстерге 60 минут бұрын, ал ішкі бағыттарға - 40 минут бұрын аяқталады. Онлайн-тіркеуден өткен жолаушы халықаралық немесе ел ішіндегі(жолаушының қай бағытқа билет алғанына байланысты) бағыттарға, алған билетіндегі уақытқа сәйкес, ұшудан 30 минут алдын  күту залына өтеді. Мұнан соң бақылаудан өтіп, отырғызу талонымен салонға жіберіледі.     

Мен онлайн-тіркеуден өткім келеді. Алайда, менің жүгім бар.

Сіз онлайн-тіркеуден өте аласыз. Егер қол жүгінен артық салмақта багажыңыз болса, рейсіңізге тіркеу уақыты аяқталғанға дейін, арнайы тіркеу орнына тапсырасыз.    

Онлайн-тіркеу бойынша нұсқаулық

Қайдан іздеу керек?
Жәй ғана тетікті басып, "Қосымша қызмет" бөліміне өтесіз - онлайн-тіркеу немесе басты бетінде "Рейске тіркеу" деп жазулы тұрады 

Қалай өтемін?
  • Тегіңізді(фамилия) латын әріптерімен жазыңыз(мысалы - FAMILIYA)
  • Паспорт нөмірін, сериясын жазыңыз (үлгі N12345678)
  • Рейс нөмірі, тек сандарын жазасыз(мысалы 5237)
  • Ұшу күні (01.01.2025)
Қалай рәсімдеймін?
  • Тегін (фамилия) таңдау
  • Орынды анықтау
  • Ақылы орындарды рәсімдеуге, басқа да қызмет түрлерін алуға болады 
  • Отырғызу талонын алу үшін почтаңызды жазыңыз

Онлайн-тіркеу кімдерге рұқсат етілмейді

- мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға
- жануарларды алып жүретін жолаушыларға
- арнайы сұранысы бар жолаушыларға(спорт жабдықтары, қару түрлері)

Емізулі баласы бар жолаушы рейске онлайн-тіркеле ала ма?

2 жасқа дейінгі баласы бар жолаушы онлайн-тіркеле алады. Алайда, орын таңдауда шектеу болады. Нәрестесі бар жолаушылар апатты қатардан бөлек, жолаушылар өтетін жерге жақын орындарды ғана таңдай алады.

Әуекомпанияда жолаушыны онлайн тіркеуден өткізу қызметіне кім жауапты?

Жолаушы онлайн-тіркеуден Әуекомпанияның ресми сайтынан өздігінше өте алады. Әуекомпания өкілдері жолаушыны онлайн-тіркеуден өткізе алмайды. Сондай-ақ, жолаушы онлайдан-тіркеуден өтерде ұшуда қандай заттарды алып өтуге болмайтынын біліп, онлайн-тіркеудің ережелерімен танысады.