Лайфхак 1
Күзде Тайландта жаңбыр көп жауады, сондықтан желден қорғайтын күртеше алып барған жақсы. Мұнда «дәстүрлі» қыс, көктем және күз жоқ. Ақпаннан мамырға дейін – аптап ыстық. Мамырдан қыркүйекке дейін жауын-шашын мол болады. Ең құрғақ және ыңғайлы маусым – қазан мен ақпан аралығы. Осы кезеңде туристер де көп келеді, сондықтан, туризм дамитын маусым деп атайды.
Лайфхак 2
Валютаны әуежай мен қонақүйлерде айырбастау тиімсіз, курсы жоғары келеді. Тағы бір ескеретін жағдай, жергілікті тұрғындар шетел валютасына күмәнмен қарайды, дегенмен, өзіңізбен доллар ала барғаныңыз дұрыс. Оларды жергілікті баттарға айырбастау оңай. Көп саяхатшылар ірі номиналды купюраларды айырбастаған тиімді екенін айтады.
Лайфхак 3
Таиландта жәндіктердің түрі көп. Егер бөлмеңізде печенье жегіңіз келсе, бәрін жақсылап жинап, үстелді сүртіп жүріңіз. Жинақы, әрі таза тұрады.
Лайфхак 4
Таиландта электронды сигареттерді қолдануға және әкелуге қатаң тыйым салынған. Оларды алып келсеңіз немесе пайдалансаңыз - 30 мың доллардан астам айыппұл төлейсіз... немесе 10 жылға дейін бас бостандығыңыздан айрыласыз.
Лайфхак 5
Тайлар басты қадір тұтады, бұл – дененің ең қасиетті бөлігі саналады. Оған тиюге болмайды, тіпті, сүйкімді тай баласын сипағыңыз келсе, басына тимеңіз. Егер білмей тиіп кетсеңіз, дереу кешірім сұраңыз.
Қайсы лайфхак сіз үшін ең пайдалы болды?
Астана | Пхукет |
|
|
Алматы | Пхукет |
|
|
Шымкент | Пхукет |
|
|
Актобе | Пхукет |
|
|
Костанай | Пхукет |
|
|