Жаңалықтар
Түркия: күн шуағы рахатқа бөлейтін керемет демалыс

Анталияда не көруге болады?

Анталия - курортты қала ғана емес, көрікті жерлері, тарихи орындары көп тұтас бір аймақ. Әдемі жағажайларынан бөлек, мұнда ежелгі Перге қаласы орналсқан - ұлы өркениеттің ізі сақталған жер. Табиғатта, белсенді демалысты қаласаңыз Көпрулу шатқалына барыңыз - тамаша таңдау! Өзен бойымен жорық ұйымдастырып, тау көрінісін тамашалап, сирек кездесетін өсімдік пен жануарлардың түр-түрін көресіз.
Анталияда ежелгі ескерткіштер де көп, мысалы, Аполлон храмы және қала символының бірі - Адриан қақпасы осында. Одан бөлек, әйгілі Анталия сарқырамалары да керемет, оны бір рет болса да көріңіз керек.

Туристерге берілетін кеңестер:

Шәйлық: Түркия мейрамханалары мен қонақүйлерінде қызметшілерге шәйлық қалдыру дәстүрі бар. Жалпы шоттың 5–10% шамасындағы аздаған сыйақы.
Күн: күннен қорғануды ұмытпаңыз. Әсіресе жазда ультракүлгін сәулелері күштірек болатыны анық, сондықтан SPF креміңізді міндетті түрде алып жүріңіз.
Саудаласу: түріктер саудаласқанды жақсы көреді. Базарда немесе дүкендерде сувенир сатып алғыңыз келсе, бағасын 30-50% дейін төмендетуге тырысыңыз. Сауда жасау да мәдениеттің бір бөлігі!

  • Дін
    Түркиялықтардың дені ислам дінін ұстанады (сунниттік). Елде дәстүр мен дінге деген құрмет ерекше. Мешіттерге аяқ киіміңізді шешіп кіріңіз, иықтарыңыз бен тізелеріңізді жауып тұратын киім кигеніңіз дұрыс. Түркия - бұл ежелгі дәуір мен заманауи кезеңнің, тарих пен демалыс орындарының үйлесе тоғысқан жері, әрбір саяхатшы үшін осы бағыттағы дәстүрлерге құрметпен қарау өте маңызды!
  • Валюта
    Түркияның ұлттық валютасы - түрік лирасы (TRY). Ақшаны банктерде немесе айырбастау пункттерінде ауыстырған жөн, өйткені көшелердегі бағам тиімді болмауы мүмкін. Барлық ірі қонақ үйлерде, мейрамханаларда және дүкендерде картаны қабылдай береді. Бірақ шалғай аудандарға немесе базарларға барғанда қолма-қол ақша алып жүрген дұрыс.
  • Виза және елге кіру ережелері
    Қазақстан азаматтары Түркияға 90 күнге дейін визасыз кіре алады. Алайда, Түркияға кірерде кері қайтарға алған билетіңізді көрсетуіңіз қажет.

Түркия инфрақұрылымы жақсы дамыған, қауіпсіздік деңгейі мықты ел, бұл жағы туристер үшін өте ыңғайлы. Рахаттана демалуға мүмкіндік көп, саяхатыңыз сәтті өтсін!

Бұл жәй мемлекет емес, бұл - ғасырлық тарихы, әсем табиғаты, мәдени құндылықтар мен дәмі тіл үйірер керемет тағамдары бар ғажап ел!

Sunday Airlines-пен Анталияға оңай, жылдам жетесіз! Әр күніңіз керемет әсерлі, эмоцияларға толы болады!

#Travel Guide
01.01.1970