Sunday Airlines компаниясын сіз үшін одан да жақсырақ ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз.
Нажав 'Разрешить', Вы соглашаетесь на использование нами файлов cookies и с Құпиялылық саясаты
Разрешить
Жаңалықтар
Scat жолаушыларына сыйлық: тегін eSIM және 250 МБ интернет

Scat жолаушыларына арналған сыйлық — 250 МБ тегін интернеті бар eSIM

Елестетіп көріңізші: сіз басқа елге ұшып келіп, телефоныңызды қосасыз — және бірден онлайнсыз. Жергілікті SIM-карта іздеудің, байланыс салондарына жүгірудің және роумингке артық шығын шығарудың қажеті жоқ.

Енді бұл Just eSIM-мен мүмкін және арнайы Scat жолаушылары үшін алғашқы сыйлық сізді күтуде: 250 МБ тегін трафигі бар виртуалды SIM-карта.

Just eSIM дегеніміз не? Just eSIM — бұл бірнеше минут ішінде тікелей телефоныңызға орнатылатын виртуалды SIM-карта. Ол әлемнің 160-тан астам елінде жұмыс істейді, ал барлық басқару ыңғайлы қосымша арқылы жүзеге асырылады.

Неге бұл ыңғайлы:

  • Кәдімгі SIM-картаңызды шығарудың қажеті жоқ — мессенджерлер, банктер және барлық қызметтер әдеттегідей жұмыс істей береді.

  • Қосымша арқылы басқару — трафик шығынын, статистиканы көресіз және пакетті екі рет басу арқылы толтырасыз.

  • Бір рет орнатасыз — әрдайым қолданасыз — eSIM телефоныңызда қалады және болашақ сапарларға дайын тұрады.

  • Тәулік бойы қолдау қызметі (24/7) — желідегі оператор 2 минут ішінде жауап береді.

Бұл қалай жұмыс істейді:

  1. Смартфонның eSIM-мен үйлесімділігін тексеріңіз.

  2. «eSIM сыйлығын қазір алу!» батырмасын басыңыз.

  3. 250 МБ сыйлығы бар eSIM алу үшін біздің веб-қосымшамызда авторизациядан өтіңіз.

  4. Сматфонға eSIM орнатыңыз — бұл бірнеше минут уақытыңызды алады.

  5. Сервисті сынап көріңіз және қажетті елге арналған пакеттерді тікелей қосымшадан сатып алыңыз.

  6. Ыңғайлы болу үшін App Store немесе Google Play-ден үйреншікті қосымшаларды жүктеп алыңыз.

Саяхатшылардан кеңес: eSIM-ді неғұрлым ертерек орнатсаңыз, ұшып келген алғашқы минуттарда соғұрлым тыныш болады — интернет бірден жұмыс істейді.

#Акциялар
26.11.2025