Жаңалықтар
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Санья: Хайнань шабыттандырады – демалысты мәңгі жаз аралында өткіз
Санья: Хайнань шабыттандырады – демалысты мәңгі жаз аралында өткіз

Не көре аласыз?

Санья - бұл тек жағажайлар, курорттар ғана емес, бұл - Хайнань аралының мәдениеті мен табиғатын танып-білетін көрікті орындар. Ондағы ең танымал жерлердің бірі - Наншань Храмы. Бұл кешенде көптеген ғимараттар, шіркеулер мен мүсіндер бар, солардың бірі - әлемдегі ең үлкен Будда мүсіні - биіктігі 108 метрлік Мейірім Құдайының мүсіні.

Ялунвань шығанағы - керемет жағажайлар, көкпеңбек теңіз және әлемдік деңгейдегі қонақ үйлер орналасқан жер. Жағажайда демалғаннан бөлек, дайвинг пен серфинг жасап, драйв алуға болады.
Міндетті түрде баратын тағы бір орын - Наншань ұлттық паркі, ондағы табиғаттың әсемдігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сонымен қатар, қытай архитектурасы мен мәдениетінің айшықтарын көресіз.
Жергілікті жердің мәдениеті мен тарихына тереңірек үңілгіңіз келсе, Хайнань аралының музейіне барыңыз: тарих, этнография жәдігерлерімен танысасыз.

Туристерге пайдалы кеңес

Санья - курортты қала болғанымен жергілікті тұрғындар ұстанып, бағынатын белгілі бір дәстүрлері бар. Мысалы, храмдарға, тарихи ескерткіштерге барғанда киіміңіз соған сай болуы керек. Әйелдер иықтары мен тізелері жабық тұратын киім киюі қажет.
Аптап ыстықта аралда серуендеуге жеңіл киім таңдағаныңыз жақсы. Ұлттық парктерге, экскурсияларға шыққанда ыңғайлы аяқ киім киіңіз, бас киіміңізді ұмытпаңыз - күннен қорғану өзіңізге пайдалы.
Жергілікті асханадан дәм татып көргіңіз келсе, тағамдары ащы болатынын ұмытпаңыз. Қытай асханасында дәмдеуіштер көп қосылады, кей тағамдары өте ащы болады.

  • Дін
    Хайнань аралында буддизм дінін ұстанады. Жергілікті тұрғындар өз дәстүрлері мен мәдениетін жоғары бағалайды, сондықтан олардың әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау маңызды. Храмдар мен басқа да діни орындарға барғанда тыныштық сақтап, сыпайы киінген дұрыс.
  • Валюта
    Хайнаньда қытай юані (CNY) қолданылады. 1 KZT ≈ 0.015 CNY, бірақ курсы өзгеруі мүмкін, сондықтан ақшаны банктерде немесе ресми орындарда айырбастаған жөн.
    Дүкендер мен мейрамханаларда халықаралық несие карталарын қабылдай береді, бірақ ұсақ сауда үшін, базарларда қолма-қол ақшаңыз болғаны дұрыс.
  • Виза және елге кіру ережелері

Қазақстан азаматтары Хайнань аралына визасыз кіре алады, бірақ тек 30 күнге дейін рұқсат беріледі. Сапарға шығар алдын паспортыңыз кемінде 6 ай мерзімге жарамды екеніне көз жеткізіңіз.

Ескерту!
Қытайдан шығарда импорт/экспорт нормаларынан асып кететін тауарлар мен валюта бойынша декларация толтыруыңыз қажет.

Санья - жарқын эмоция, экзотика және ыңғайлылық үйлесім табатын  керемет демалыс! Алматыдан Sunday Airlines-тің тікелей рейстерімен жеңіл ұшып, сәтті саяхаттаңыз! Хайнань аралы - әрбір турист үшін нағыз жұмақ жер, денсаулығын жақсартқысы келетін, санаторлық ем-шараларына қызығатындар үшін таптырмас орын.

#Travel Guide
01.01.1970