Жаңалықтар
Күн шуағына «шомылатын» жер: Вьетнамға барыңыз!

Қай жерлерге баруға болады?

Нячангтағы аспалы жолмен Винперл аралына барыңыз - аквапарк пен сафариі бар үлкен ойын-сауық бағы. Лонгшон пагодасындағы ақ Будданы,  Тхап Ба ыстық бұлағын және Чо Дам базарын да аралап көруіңіз керек.

Данангта - үңгірлер мен храмдар бар Мәрмәр тауларын, Азиядағы ең үлкен «Алтын қол» көпірін (Golden Bridge), ең көрікті жағажайлардың бірі - Май Кхе жағажайын міндетті түрде көріңіз. Ғажап орындар!

Данангтан сәл әріректе - ертегі әлеміндей көрінетін көне Хойан қаласы орналасқан: түрлі түсті шамдар, тар көшелер, өзендер мен ескі үйлер. Барып көру керек!

Пайдалы кеңестер:

  • Ақша: қолма-қол төлеген ыңғайлы, банкоматтар бар, бірақ валюта курсы әртүрлі болуы мүмкін.
  • Скутер жалдау: белсенді демалысты қалайтындар өте көп, сондықтан абай болыңыз, сақтандыру алғаныңыз дұрыс.
  • Киім: жеңіл, мақта матадан тігілген киім жақсы. Храмдарға барғанда иық пен тізені жабатын киім киіңіз.
  • Қауіпсіздік: ел тұрғындары өте сыпайы, бірақ туристер көп жүретін жерлерде заттарыңызға абай болыңыз.
  • Байланыс: SIM-картаны әуежайдан алған тиімді және ыңғайлы, бірден қосып алыңыз.
  • Тіл: бәрі ағылшын тілін біле бермейді, бірақ туристік орындарда көбі ағылшынша сөйлеуге тырысады. Күліп жүрсеңіз – сізді бәрі түсінеді!

Дін

Вьетнамдықтар буддизм дінін ұстанады, оңтүстік аймақтарында оған өте берік. Сонымен қатар, даосизм, конфуциан және анимизм элементтерін байқау қиын емес. Храмдарды аралағанда барынша тыныштық сақтаған дұрыс, аяқ киіміңізді шешіп кіріңіз, фотоға түсіргенде мүсіндерге теріс қарап қалмаңыз.

Валюта

Ұлттық валюта - вьетнам донгы (VND).
Шамамен: 1 теңге ≈ 50 донг
Валютаны банктерде немесе ресми айырбастау пункттерінде ауыстырған жөн. АҚШ доллары мен еуроны да қабылдайды.

Виза және елге кіру ережелері

Қазақстан азаматтары Вьетнамға 30 күнге дейін визасыз кіре алады.
Шекарада міндетті түрде миграциялық картаны толтыруыңыз керек. Оған қоса, қайту билетін көрсетесіз және елде тұратын орныңызды айтасыз.

Теңізге баратын уақыт келді, солай емес пе?! Вьетнам сізді фо иісімен тамсандырып, теңіз самалымен, жағымды эмоциямен рахатқа бөлеуге дайын!

Sunday Airlines күншуақты Вьетнамға тікелей жеткізеді! Жайлы, жеңіл ұшуға дайын болыңыз!

#Travel Guide
01.01.1970