Не көре аласыз?
Мальдив аралдары - бұл тек ғажап жағажайлар ғана емес, бұл - белсенді демалғанды жақсы көретіндер үшін керемет мүмкіндіктер! Архипелаг астанасы - Мале қаласында тарихи көшелермен серуендеп, жергілікті жердің мәдениетін танисыз. Мұнда әйгілі Жұма мешіті (Хукуру Миский мешіті) мен Ұлттық музей бар - аралдардың тарихын осы қасиетті орындарда тереңнен тануға болады.
Әрине, Мальдивтердегі басты көрікті орындар – курорттары! Аппақ жағажайларда демалып қана қоймай, керемет дайвинг, снорклинг жасап, ғажап әлемді көзбен көресіз. Су астындағы рифтер, маржандар мен мыңдаған экзотикалық балықтар жағалауға жап-жақын жерде де жүзеді.
Жаныңыз тыныштықты қаласа, алыс аралдарда орналасқан курорттарға барыңыз! Ғажап!
Экзотикалық демалысты сүйетіндерге - түнгі балық аулау турлары, каякинг, желкенді спорт, көрші аралдарға экскурсия ұсынылады.
Туристерге кеңес:
Мальдивтерде күннен қорғану өте маңызды. Жұмсақ климат болғанымен. барынша қорғану қажет. Сондықтан күйіп қалмас үшін SPF кремін және бас киім алуды ұмытпаңыз. Демалысқа ыстық айларда келсеңіз суды көбірек ішуіңіз керек.
Аралдарда көлік жоқтың қасы - аралдар мен курорттардың арасында жаяу немесе қайықтармен жүресіз. Қайықтардың жүру кестесін алдын ала білген дұрыс, күтпеген кідіріс болуы ғажап емес.
Киімге келер болсақ, аралдарда жеңіл және ыңғайлы киім кигеніңіз дұрыс. Алайда, жергілікті мешіттерге немесе мәдени нысандарға барғанда, сыпайы киініңіз - иықтарыңыз бен тізелеріңізді жауып жүргеніңіз абзал.
Мальдивтер - бұл жай ғана демалыс емес, тропикалы жұмаққа ену десек артық емес. Шуақты күн, теңіз, әдемі жағажайлар және жайлылық…
Sunday Airlines-тің тікелей рейстері - саяхатыңыз ұшақ бортынан басталады!