Жаңалықтар
Камбоджаға ұшамыз

Sunday Airlines-пен Камбоджаға саяхаттауды жоспарлап отырсыз ба?

Ескеріңіз, ғажайып елге кіру үшін Қазақстан азаматтары виза алуы қажет. Бір қуанарлығы, визаны сол елге келген кезде алуға болады!

Камбоджа визасының бағасы – 30 доллар, ал мерзімі – 30 күн. Визаны алу үшін паспорттың жарамдылық мерзімі - Қазақстанға оралған кезден есептегенде - кемінде алты айдан артық болуы керек.

Саяхатқа дайындалудың маңызды қадамы - Cambodia e-Arrival Card (Камбоджаға келу картасы).

Барлық туристер, оның ішінде Қазақстан азаматтары да, саяхатқа шығардан 7 күн бұрын осы форманы толтыруы тиіс. Оны онлайн түрде arrival.gov.kh сайтында немесе App Store мен Google Play-дегі мобильді қосымша арқылы толтыруға болады. Форманы толтырғаннан кейін сіз QR-код аласыз, оны шекарадан өтерде көрсетуіңіз қажет - бұл кодсыз виза берілмейді.

Алматы Камбоджа 
  • сейсенбі және жұма күндері 10 күнде бір рет

             Boeing 737-MAX9

#Travel Guide
15.01.2025