Не көре аласыз?
Ескі базарларында шығыс тәттілері мен дәмдеуіштердің хош иісіне шыдап тұру қиын.
Әл-Сахаба мешітінің ғаламат сәулеті таң қалдырады.
Теңіз жағалауында серуендеу, дайвинг, квадросафариге бару – Сіз керемет демалысты таңдадыңыз!
Жағажайда демалып, снорклинг үшін Гифтун және Махмайя аралдарына барыңыз - керемет орындар!
Ал бедуиндер ауылына джиппен сапарлайтын болсаңыз, шөл дәстүрін біліп, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-салтына тереңнен қанығасыз.
Туристерге берілетін пайдалы кеңес:
Дін
Мысырда ислам(сунниттік бағыт) дінін ұстанады. Тұрғындарын суретке түсіру үшін рұқсат сұраңыз, көпшілік алдында құшақтасу немесе сүйісуден аулақ болыңыз. Мешіттерге барған кезде аяқ киіміңізді шешіп, сәйкесінше киініп барыңыз.
Валюта
Ресми валютасы - Египет фунты (EGP). Бір теңге шамамен 0.10 фунтқа тең, бірақ бағамы өзгеруі мүмкін. Ақшаны банктер мен ресми айырбастау орындарында ауыстыруға болады. Туристік орындарда карталарды да қабылдайды, бірақ базарда және дүкендерде қолма-қол ақша қажет болады.
Виза және елге кіру ережелері
Шарм-эль-Шейхке кіргенде Қазақстан азаматтарының құжатына Синай штампы басылады (15 күнге дейін тегін жүруге рұқсат), онымен тек Синай түбегінде жүре аласыз. Егер Каир немесе Луксорға баратын болсаңыз немесе Хургаданы көргіңіз келсе, виза алуыңыз қажет. Оны әуежайда рәсімдейсіз, Бағасы - 25 доллар, мерзімі - 30 күн.
Мысыр – бұл жарқыраған күн, Қызыл теңіз, перғауындар… Ежелгі өмір қақпасын ашатын жер. Пирамидалары таң қалдырады.
Sunday Airlines сізді «мәңгілік жазға» ыңғайлы жеткізеді - демалысыңыз ұшақтан басталады!